"ҚАДІР ТҮНІ"
Қадір түні келді тағы, қадір түні
Қайта шығар сәт келді, өмір гүлі
Ей, мұсылман ! Мешітке бар, мешітке бар
Мүмкін сенің бұл түнің соңғы шығар ...
Бұл күнге жеткенде бар, жетпегенде
Тағдырыңа сол үшін өкпеленбе
Сендік өмір біреуге арман тіпті
Бүгінгі түн жыла бауыр, көп көлемде ...
Мың айдан, абзал бұл түн, білесіз бе ?!
Раббымыздан үлкен сый, міне сізге
Бұл түнді өткізіңіз, құлшылықпен
Қадір түні, сөзсіз артық, тіршіліктен ...
Бүгін сіздің күнәңіз шайылады
Қос алақан тілек тілеп жайылады
Басыңа қайғы түссе, кел мешітке
Аллаһ сені қайғыңнан айырады ...
Кел, кел мешітке, есік ашық
Кел асықпай, жаяулатып, қадам басып
Бүгін сенде ең ұлы мүмкіндік бар
Кел мешітке, жамағатпен амандасып ... Бақыттысың, бауырым, қарындасым
Құлшылық қыл, құл болып жаралғасын
Кел бүгін, түні бойы, тілек тіле
Аллаһқа деген сенім жоғалмасын ...
Сексен үш жыл осы түнге тең келмейді
Тіпті Аллаһ мың айды тең көрмейді
Жаралы жүрегің Жаратқанға
Сәжде қылып, жыламасаң емделмейді ...
Қадір түні, мешітке
Кел, жамағат ! Кешікпе ..